- Барлық ақпарат
Ақ қар, көк мұздағы жүзу әуесқойлары
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 желтоқсан
27 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ішкі Моңғұлдың Хулуньбуир қаласында 30 градус аяз болды. Алайда бұл қысқы жүзуді ұнататындарды қорқыта алмады. Жүзуді ұнататындар үшін қыстағы суға түсу - жай ғана хобби емес. Жүзу - олардың денсаулықтарының мықты, сергек болуына көмектесетін салауатты өмір салты.
Хулуньбуирде жыл сайын қысқы жүзуден халықаралық чемпионат өтеді. 14-19 желтоқсан аралығында Қысқы жүзуден Қытай, Ресей және Моңғолия чемпионаты аясында үш елден 70-тен астам спортшы -30℃ төмен температурада ойынға қатысып, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылды.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online