Шэньси Яньань алмалары Қазақстанға экспортталады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 қаңтар

2 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 27 желтоқсанда 32 тонна Яньань алмасы тиелген төрт мұздатылған сандығы бар ауыр жүк көлігі Yan'an agricultural Investment Group логистикалық паркінен шығып, Қазақстанға бағыт алды. Шамамен бір аптадан кейін Қазақстан тұрғындары дәмді Яньань алмаларын жей алады.

Шэньси өлкесі Яньань қаласы әлемдегі ең жақсы алма өсіретін аймақта орналасқан. Қалада алма отырғызу алаңы 3,31 миллион муды құрайды, ал жылдық өндіріс көлемі 4,55 миллион тоннаға жетеді. Егіс алқаптары мен өндіріс көлемі Шэньсидің үштен бірін және елдің оннан бір бөлігін иеленеді. Яньань алмалары реңі жылтыр, дәмі тіл үйіреді, жасыл және қауіпсіз. Олар бүкіл әлем бойынша 30-дан астам елдер мен аймақтарға экспортталады және ғарышқа жеті рет шығарылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото