Қар барысы Қырғызстанның ұлттық символына айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 қаңтар

Қырғызстанда қар барысы елдің ұлттық символына айналды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Ежелгі қырғыз мәдениетінде барыс ұлылықты, тектілікті, батылдық пен төзімділікті бейнелеген.

Қар барысын қорғау жөніндегі дүниежүзілік форумда барыс мекендейтін 12 елдің және халықаралық экологиялық қауымдастық өкілдерінің қолдауымен барысты қорғау туралы Бішкек декларациясы қабылданып, барыс пен экожүйені қорғаудың кешенді жаһандық жүйесі бекітілді.

Қырғызстан министрлер кабинетіне республикадағы қар барысы популяциясын және оның экожүйесін қорғау, ұлттық символды танымал ету, логотип ойлап табу сынды қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдарға барыстың ұлттық нышанын кеңінен насихаттау, халықаралық ынтымақтастық аясында экожүйені қорғау шараларын ұйымдастыру, халықаралық платформаларда инвестиция тарту, сондай-ақ ұлттық символды туристік сегментте пайдалану тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қар барысы – халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген және әлемнің 12 елінде сирек кездеседі.

Жабайы табиғатта қар барысының жоғалып кетуі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу қаупін тудырады. Ал бұл жануарлар мен адамзатқа зиянды әсер етеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото