Қазақстандағы электромобиль саны 10 есеге артты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 қаңтар

Әлемдік автоиндустриядағы жаңа бағыт – электромобильдерге елде сұраныс артып келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр 7 мыңнан аса электромобиль тіркелген. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 10 есеге артық, деп хабарлайды 24.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы электромобильдердің саны 7600-ден асқан. Оның 5 мыңға жуығы Алматы қаласында. Бірақ көліктің бұл түрі көбейгенімен оны қуаттау орталықтары тапшы. Мәселені әкімдік есебінен шешу, бюджетке салмақ салады. Осыған орай қала әкімдігі жеке инвестиция тарту арқылы биыл 150 қуаттау орталығын орнатпақ. Ал 2029 жылға дейін тағы 500 станция қойылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото