Қазақстанда Алатау қаласы пайда болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қаңтар

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды qamshy.kz.

«Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін», делінеді ҚР президенті қаулысында.

Жетіген ауылы 1993 жылға дейін Николаевка, 1873 жылға дейін Кутентайское деп аталған.

2022 жылы ауыл тұрғындарының саны 25 мың адамнан асқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото