Қазақстанға саяхаттайтын туристер саны бойынша Қытай екінші орында

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қаңтар

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. 2022 жылы Қазақ еліне 609,8 мың шетелдік саяхаттаған.

2023 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға барған ең көп саяхатшы –Ресей Федерациясынан келген. Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік саяхаттаған. Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Қытайдан Қазақстанға 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Түркиядан 41 134 турист саяхаттаған. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото