Былғарыдан жасалған кескіндеме: Қой терісіне салынған көшпенділердің естеліктері

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қаңтар

10 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жексенәлі Құдайбергенұлы - тері суретшісі, 1992 жылы Шыңжаңның Күнес ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Шыңжаң педагогикалық университетінің Бейнелеу өнері академиясын «бейнелеу өнері» мамандығы бойынша бітірді. Оның «жартастағы кескіндеме», «Алтын күз», «Көктем», «Қой терісіндегі сурет, жылқы әулиесі» және т.б. еңбектері бар.

Жексенәлі Құдайбергенұлы: Тарихи тұрғыдан қазақтар көшпелі халық болған. Кең далада тау-асып, тас басып, судың тұнығын, шөптің сонысын іздеді. Мұндай көшпелі өмірдің өшіруге болмайтын естеліктері тым көп. Олар жайлаудан жайлауға көшіп, мыңғыртып малын айдаған сәттерінің өзі шығармашылық шабыттың қайнар көзі. Терідегі суреттер өнерді ғана емес, көшпенділердің шынайы өмірін еске түсіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото