Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін толық цифрландыруды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 қаңтар

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін толық цифрландыруды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды kt.kz.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскелерін берудің электрондық тәртібі заңнамалық түрде енгізілді. Цифрлық ауыл шаруашылығы карталары жасалуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 145 млн га ауыл шаруашылығы жерлері цифрландырылды, бұл Қазақ елінің ауыл шаруашылығы алқаптарының 77% құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруды толығымен 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жерді сапалы және ұтымды пайдалануды арнайы құрылған мемлекеттік институт - «ГИПРОЗЕМ» РМК қадағалайтын болады. Кәсіпорын экономикалық бағалау, жер мониторингі, топырақ, геоботаникалық, топыраққа агрохимиялық зерттеулер жүргізбек. Барлық ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру аяқталғаннан кейін топырақтың сапалық сипаттамалары мен жайылымдық жерлердің жем-шөп сыйымдылығы бар жеке ашық электрондық карта құрылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото