«Мәдениет пен өнер Қазақстан мен Қытай халықтарын тоғыстырды»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 15 қаңтар

15 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Мен үшін әлемдегі ең күрделі және жұмбақ тіл - қытай тілі». Жақында Ертай Нүсіпжанов онлайн «Халық Газеті» тілшісіне берген сұхбатында қытай тілі оған Қытай мәдениетімен танысуға мүмкіндік бергенін айтты. Ол өмірлік кәсібі ретінде кино мен теледидарға аударма жасауды таңдады.

Ертай Қытайда оқыған кезінде тынымсыз күш-жігердің арқасында қытай тілін меңгеріп қана қоймай, жаңа көзқарасқа ие болды. Қытайда оқығанға дейін ол Қазақстанның Ұлттық теледидарында 3 жыл жүргізуші және продюсер болып жұмыс істеген. Медиа саласындағы Ертай Қытай мәдениетімен байланысты салаларда жұмыс істесем деп күтетін еді. Ол Қазақстанның отандық телешоулары мен өзекті тақырыптарын мұқият зерттеп, шетелдік тақырыптағы мазмұн да бар екенін байқайды. Сосын ол қытайлық телехикаяларды ұсыну ойына келіп, алғашқы қытайлық телехикаяларды аударып, дыбыс бере бастады.

«Фильмді аударудың жұмысы жаңа фильм түсіруден кем соқпайды» Соңғы 10 жылда Ертай және оның продюсерлік тобы 40-тан астам кино және телевизиялық туындыларды аударды және дыбыс беріп, олардың барлығы жергілікті телеарналарда сәтті көрсетілді. Ертайдың айтуынша, оның ең сүйікті шығармасы - «екі жүзді». Бұл тарихи еңбекті аудару оңай болған жоқ. Ертайдың командасы сериалдың мәдени астарын түсіне отырып, сериалдың нақты мағынасын аударып шықты. Жұмыс барысында аудармашылар әдетте отыра қалып, шешіле талқылап кетеді. Әрқайсысы тәжирбиесіне негізделіп аударған нұсқаларын ұсынып, соңында кеңеспен пішкен ең соңғы сапалы нұсқасы әзір болды. Ертай аударма тобының мұқият жұмысының арқасында бұл сериал қазақстандық аудиторияның жоғары бағасына ие болған.

Ертай Қытай нарығы кино мен теледидарда көрнекті жұмыстарды үздіксіз ұсынып келеді. Олар бұл туындыларды уақытында анықтап, содан кейін аударылған туындыларды жергілікті телеарналарға мүмкіндігінше тезірек жеткізу үшін дистрибьюторлық компаниямен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуы керек екенін жеткізді. Үлкен жұмыс жүктемесі кәсіпқойлар тобына биік асулар ұсынды. Олар Қытай мәдениетіне қанық тамаша аудармашыларды тапты. Ертай фильмдер мен сериалдарды аудару саласы әлі де бастапқы кезеңде және көбірек мамандарды оқыту қажет деп санайды. Сонымен қатар оған қатысуға көбірек сарапшыларды тарту үшін қосымша қолдау қажет және мәдени алмасулар мен бір-бірімен өзара түсінуді арттыруға көбірек іс-шаралар ұйымдастырылуы керек.

Жақында Ертай командасы «Капитан», «Ұлысың әке» және «Сенімен бірге бүкіл әлемде ер жетемін» сияқты бірнеше көрнекті фильмдерді сатып алды. Қазіргі уақытта аударма жұмыстары жалғасып жатыр. Оларды алдағы 1-2 ай ішінде Қазақстандағы аудиторияға ұсынуды жоспарлап отыр.

«Мәдениет пен өнер Қазақстан мен Қытай халықтарын тоғыстырды». Ертай әлі күнге дейін өзінің көрнекті қазақстандық әнші Димаштың Қытай сахнасында өнер көрсетуіне көмектескенін мақтан тұтады. Димашты көптеген қытайлық жанкүйер қолдады, ол сонымен бірге Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасуларды бір қадам ілгерлете түсті. Болашақта Ертай екі ел кино саласында тығыз алмасулар орнатып, бірлескен фильм түсіруді ілгерлетсе деп күтеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото