Неліктен Шыңжаңның Қорғас қаласына шетелдік саудагерлер көбірек барады?

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 қаңтар

16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Еуразияның орталығында орналасқан және бес шекара арқылы сегіз елге қатынайтын бірегей географиялық артықшылықтарға ие. Бұл еліміздің батысқа ашылуының алды және стратегиялық қақпа. 20 ел мақұлдаған сыртқа ашылған шекаралар Шыңжаңда шығыстан басталып, батысқа шығатын «Алтын арнаны» қалыптастырды. Осы арналар арқылы Шыңжаң 189 елмен және аймақтармен сауда барыс-келісін жасайды.

Тасымалдау көлемі айтарлықтай өсті

Үрімжі кеден статистикасына сәйкес, 2023 жылы Шыңжаң порты 568 000 коммерциялық автокөлікті экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 407,6%-ға артқан. Олар негізінен Қазақстанға, Өзбекстанға және Орталық Азияның басқа елдеріне шығарылады. Олардың ішінде елдің автомобиль экспорты үшін ең ірі құрлық порты ретінде Қорғас 2023 жылы 304 000 коммерциялық көлікті экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 307,5%-ға өсті.

Zhuhai Huafa Automobile компаниясы Шыңжаң филиалы Бас директорының орынбасары Ниэ Хайлин: «Егер көлік теңіз арқылы экспортталса, бізге белгілі бір Орталық Азия еліне жету үшін 40 күннен астам уақыт кетуі мүмкін. Алайда, егер біз құрлық арқылы жөнелтсек, оны тапсырыс берушіге бір апта ішінде жеткізуге болады»-, деді.

Қорғас құрлық порты сонымен қатар елдің басқа қалаларынан көптеген логистикалық компанияларды шақырды.

Shanghai Wanyi Logistics Technology компаниясы Шыңжаң филиалының басшысы Сун Юн автокөлік тасымалы қазір толығымен тас жолға ауыстырылғанын жеткізді. Өйткені Қорғас пен басқа қалалар арасындағы көлік қашықтығы салыстырмалы түрде қысқа, сонымен бірге Алматыға небары 400 шақырмға жетпейтін қашықтықта болғандықтан жарты күнде Қазақстанға жетуге болады.

Қорғас экономикалық даму аймағының порт әкімшілігі бюросының директоры Ху Лайцзе 2023 жылғы Қытай-Орталық Азия саммиті және «Бір белдеу, бір жол» жоғары деңгейдегі форумы (Халықаралық ынтымақтастық) барысында автомобиль экспортын одан әрі ілгерілету үшін рәсімдерді оңайлатудың көптеген тиісті саясаты шығарылғанын жеткізді.

Қорғас кеденінің директоры Мао Ронган бесінші ұрпақ бастапқы ел қақпасынан бір ғана кіріп-шығу болған. Бірақ алтыншы ұрпақ ел қақпасы төрт кіру және төрт шығу арнасына айналғанын түсіндірді. Жалпы өткізу қабілеттілігі көбірек арна ресурстары көбейді және әр көлік шамамен 10 секундта өтіп болады.

2023 жылы Қорғас портының жүк тасымалы 40 миллион тоннадан асты. Ал импорттық және экспорттық жүктер сегіз жыл қатарынан Шыңжаңда бірінші орында болды және ол үнемі өсіп отырды. Портта кедендік ресімдеудің тиімділігін арттыру үшін Қорғас кеден және Қазақстан кедені кездесулердің қалыпқа келтірілген тетігін қалыптастырды. Көптеген кездесулер мен консультациялардың арқасында екі жақтың кеден қызметтері кедендік ресімдеу жылдамдығын одан әрі оңтайландырды.

Сонымен қатар, кеден экспорттық көліктер үшін арнайы арна ашты. 2023 жылы кез келген ауа-райында 24 сағаттық кедендік ресімдеуге қол жеткізді. Бұл Шыңжаңдағы мерекелік күндерді қоспағанда, тәулігіне 24 сағат кедендік ресімдеумен айналысатын алғашқы автомобиль порты.

Шекара маңындағы сауда белсендігі жоғары

Шыңжаңның еркін сауда пилоттық аймағының Қорғас аумағына орналасқан Қорғас Қытай-Қазақстан Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы шекара маңындағы туристердің, трансшекаралық туристердің және сауда жасайтын туристердің ең жоғары ағынын белгіледі. Қазір Қытай-Қазақстан ынтымақтастық орталығына кіріп-шығатын адамдардың саны күн сайын он мыңнан асады.

Қорғас Қытай-Қазақстан Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы «Бір белдеу, бір жол» құрылысының орайын пайдаланып, жұлдызды қонақүйлер, дәмхана мен ойын-сауық орталықтары, коммерциялық нысандар және қаржылық қызметтер саласында 30-ға жуық негізгі жобаларды тартты. Сондай-ақ 3500-ден астам коммерсанттар осында орнықты. Сөйтіп, ол Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық, сауда және мәдени алмасулар үшін маңызды тұғырға айналды.

Қорғас Қытай-Қазақстан Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы әкімшілік кеңсесінің директоры Лэй Цзентао: «Біздің ынтымақтастық орталығымыз Қазақстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен, тіпті басқа да үшінші елдермен іскерлік келіссөздер жүргізе алатын табиғи халықаралық қонақжай орын. Ынтымақтастық орталығына кіргендер 30 күндік жеңілдік режимін пайдалана алады. 2023 жылы ынтымақтастық орталығына келіп-кетушілердің саны 5 миллионнан асты»-, дейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото