Қазақстан мен Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы ауыл шаруашылығындағы әріптестікті нығайтуда

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 қаңтар

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация 15 қаңтарда Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионына сапармен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Халық Үкіметі төрағасының орынбасары Мардан Мукийтпен келіссөздер барысында тараптар шегіртке, басқа да зиянкестер, өсімдік аурулары мен арамшөптерге қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу кезінде, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану үшін заманауи технологияларды пайдалану мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Шыңжаңдағы әріптестерімен ҚХР-ға қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортиментін кеңейту және экспорт көлемін арттыру, сондай-ақ Қазақстандағы аграрлық сектор өндірісін дамытуға қытайлық компаниялардың инвестицияларын тарту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы Халық Үкіметі арасында аграрлық-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығында пайдалану кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегацияШыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы халық үкіметіне ауыл шаруашылығы саласындағы өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру аясында «Ынтымақтастықтың жол картасын» әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото