Біріккен Ұлттар Ұйымы Қытайдың айдаһар жылына арналған маркасын шығарады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 қаңтар

17 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының пошта әкімшілігі 19 қаңтар күні Нью-Йоркте Қытай ай күнтізбесіндегі Жаңа жылдың келуін қарсы алып пошта маркаларының арнайы шығарылымы - айдаһар маркаларының жиынтығын шығарады.

Айдаһар пошта маркасы жиынтығы әрқайсысы 1,50 доллар тұратын 10 маркадан тұрады. Бір пошта маркасының сол жақ жартысында - Біріккен Ұлттар Ұйымының эмблемасы, ал оң жақ жартысында-қытайлық дизайнер Пан Ху жобалаған бұлттағы ұшқан айдаһар бейнесінің суреті бар. Бұлттың ішіне пион гүлі салынған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының пошта әкімшілігі алғаш рет 2010 жылдың мамырында Қытай жыл мүшелдері мазмұнындағы маркаларын шығарған еді. Ал 2021 жылға дейін жалпы 12 маркадан тұратын Қытай жыл мүшелдерінің алғашқы сериясын шығаруды аяқтады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото