Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы биыл маусым айында ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 қаңтар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және Қазақстанда өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Бұл туралы ҚР Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қр Үкіметі Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөледі.

Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.

«Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз», — деді Әлихан Смайылов.

TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа мәліметтерді жариялады.

Бүгінде құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталған.

Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото