Әлемдегі ең үлкен сыйымдылықтағы мұхит кемесі Қытайдан Еуропаға алғаш сапарға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 қаңтар

18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Екі отынды сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейтін Ro-Ro жүк кемесі сәрсенбіде Шанхайдан Еуропаға алғашқы сапарға шықты. Кемеде 5000-ға жуық Қытай маркалы автомобильдер мен құрылыс техникасы бар.

Кемені қытайлық кеме жасау компаниясы қаржы қосып дербес салған. Оның ұзындығы 200 метр, ені 38 метр. Қазіргі уақытта бұл ең үлкен жүк көтергіштігі бар кеме. Кемеге 7600 көлікті тиеуге болады. Сұйытылған газда қос отынды таза энергияны инновациялық пайдалану көмірқышқыл газының шығарындыларын 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото