Қытайдың автомобиль экспорты алғаш рет әлем бойынша бірінші орынға көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 қаңтар

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 19 қаңтар таңертең, Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Қытайда автомобильдер өндірісі мен сатылымы 30 миллионнан асты. Өндіріс пен сатылым сәйкесінше 11,6% және 12% - ға артты. Бұл рекордтық көрсеткіш әлемде 15 жыл қатарынан бірінші орында болды.

Қытайдан 4,91 миллион автомобиль экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,9% - ға жоғарылап, тек экспорт бойынша әлемде бірінші орынға алғаш рет көтерілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото