Орталық Азияның сауда жағдайы жақсарды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қаңтар

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Дүниежүзілік банк жариялаған «жаһандық экономиканың болашағы» есебінде Орталық Азия экономикасы 2023 жылы 3,9% өседі деп күтіліп отыр. Орталық Азия елдері өз экономикасын ынталандыру бойынша бірқатар стратегия мен шараны енгізуді жалғастырып, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін белсенді игеруде және сыртқы факторлардың теріс әсерін азайтуға ұмтылып келеді. Аймақ экономикасын қалпына келтірудің жалпы динамикасы айқын болды.

Жібек жолының жаңа дамуы

Орталық Азия ежелгі Жібек жолының қиылысында орналасқан және қазіргі уақытта әлемдік сауда үшін маңызды транзиттік аймақ рөлін жандандыра түсті. Орталық Азияның бес елінің экономикалық және сауда деректері олардың сауда мәртебесінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, 2023 жылдың алғашқы 10 айында Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 22,5 млн тоннаға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 19%-ға ұлғайды. 2029 жылға қарай Қазақстанның транзиттік тасымалы 35 млн тоннаға дейін артып, ал темір жол жүк тасымалы 3%-ға өсіп, жалпы 246 млн тоннаға жетеді деп күтіліп отыр.

Қырғызстанның ұлттық статистикалық комиссиясы жариялаған деректер 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында олардың жалпы сауда көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 27%-ға артып, 9,407 млрд долларға дейін өскенін көрсетеді.

Еуразиялық даму банкінің талдауына сәйкес, Тәжікстанның ЖІӨ 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында сәйкес мезгілмен салыстырғанда 8,3%-ға өсіп, оның өсуіне сауда маңызды үлес қосты.

Түрікменстан-Орталық Азиядағы энергия тасымалдаушылардың ірі экспорттаушысы. Түрікменстан жариялаған ресми мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында Түрікменстанда табиғи газ өндіру сәйкес мезгілмен салыстырғанда 9,4%-ға, ал экспорт сәйкес мезгілмен салыстырғанда 14,3%-ға өсті.

Өзбекстан статистика агенттігінің веб-сайтындағы мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Өзбекстанның сыртқы сауда көлемі шамамен 51 миллиард АҚШ долларын құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 25,2%-ға өсті.

Сонымен қатар The Economist мәліметтері бойынша, Қытай, Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақты қоса алғанда, елдер мен халықаралық ұйымдар Орталық Азия арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (TITR) салуға белсенді қатысады. TITR сондай-ақ «орталық дәліз» ретінде белгілі, ол Азия мен Еуропаны байланыстыратын көлік және сауда бағыты. Орталық Азия елдері бір мезгілде TITR құрылысын жеделдету үшін көптеген шара қабылданып жатыр. Тиісті деректер 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында TITR бойынша жүк тасымалдау көлемі сәйкес мезгілмен салыстырғанда 88%-ға артып, 2 млн тоннаға дейін өскенін көрсетеді.

Жаңа логистикалық арна

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Орталық Азияда «орталық дәліз» құрылысының арқасында сапарлардың тиімділігі едәуір артып, сауда көлемі 2030 жылға қарай үш есеге артуы мүмкін екенін көрсетті.

Дүниежүзілік Банктің көлік жөніндегі бас сарапшысы Чарльз Кунака «орталық дәлізді» салу бүкіл аймақтағы көлік желісінің икемділігін, әсіресе Еуропа, Орталық Азия және Шығыс Азия арасындағы байланысты арттыратынын айтты.

Азия даму банкі Орталық Азияның бес елі сауданы еріктілендіру, көлік және кедендік транзит саласындағы өңірлік интеграция мен ынтымақтастық, сондай-ақ инфрақұрылым құрылысы саласындағы жеңілдік саясатының арқасында халықаралық саудаға қатысудың пайдасын арттырып, жаңа сауда мүмкіндіктерін жасағанын хабарлады.

Болашақтағы жаңа мүмкіндіктер

Қытай Мемлекеттік Кеңестің дамуды зерттеу орталығының Еуразиялық әлеуметтік даму институтының көрнекті ғылыми қызметкері Сю Тао Орталық Азияның сауда мәртебесі тұрақты түрде жақсарып келеді және даму тенденциясы да жақсы бағытта деп атап көрсетті. Орталық Азия логистика мен көліктің және дәліздің орталығы ретінде тоғыз жолдың торабы рөлін атқаруды жалғастырып келеді, бұл оның экономикалық дамуына ықпал етеді.

Сю Тао сонымен қатар Орталық Азиядағы сауданың ұзақ мерзімді дамуы сауда қызметтерінің деңгейін одан әрі арттыру үшін бес Орталық Азия елдерінің сәйкесуі мен ынтымақтастығынан айырыла алмайтынын көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото