Сианьға Қытай-Еуропа пойызымен 1643 тонна қазақстандық арпа жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қаңтар

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 29 қаңтарда Қазақстанның арпасын тиеген Қытай-Еуропа пойызы Сиань теміржол контейнер орталығының станциясына келіп тоқтады.

Жалпы салмағы 1643 тонна арпаның бұл тобы Қазақстандағы жоғары сапалы өндірістік алаңдарда өндіріліп, қатаң іріктеу мен инспекциядан өткен. Бұл арнаулы пойыз Солтүстік Қазақстаннан жолға шығып, 5000 шақырымнан астам жол жүріп, Алашанькоу шекарасы арқылы елге кірді. Ол 18 күн дегенде Сианьға жетті. Арпа Сианьға жеткеннен кейін өндіріс кәсіпорындарына таратылады. Бұл астық тасымалының тиімділігі төмен, құны жоғары, сапасына кепілдік беру күрделі деген бірқатар мәселелерді шешті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото