Қытайда 39 теміржол логистикалық орталығы толығымен құрылып болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қаңтар

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай Ұлттық теміржол тобынан алған ақпаратына сәйкес, 29 қаңтарда Харбин теміржол логистикалық орталығының тіркелуімен, қазіргі уақытта Ұлттық теміржол тобы жоспарлаған 39 теміржол логистикалық орталығы түгелімен құрылып болды. Бұл қазіргі заманғы теміржол логистикалық жүйесінің құрылысындағы маңызды прогресс есептеледі.

Теміржол логистикасы өнімдерін жеткізуді оңтайландыру тұрғысынан қазіргі уақытта елдегі тікелей теміржол экспресстерінің саны 340-қа жетті. Олардың ішінде «теміржол + тасжол» бірлескен тасымалы елдегі барлық өлкенің орталық қалаларын 100 пайыз қамтыды; «теміржол + сужолы» бірлескен тасымалы елдің негізгі порттарын толық қамтыды; Қытай-Еуропа пойызында ел ішіндегі 108 қаланы және Еуропаның 25 еліндегі 217 қаланы қамтитын 87 теміржол желісі бар, қызмет көрсету торабы негізінен Азия мен Еуропаның бүкіл аумағын қамтиды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото