Янцзы өзені атырауының жалпы экономикалық көлемі 30 трлн юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қаңтар
Янцзы өзені атырауының жалпы экономикалық көлемі 30 трлн юаньнан асты

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Үш өлке - бір қала үкіметінің жұмысы туралы есепте көрсетілген мәліметтерге сәйкес, Шанхай, Цзянсу, Чжэцзян және Аньхой экономикасының жалпы көлемі 2023 жылы 30 трлн юаньнан асып, елдің сапалы дамуын одан әрі нығайтты.

Деректер көрсеткендей, 2023 жылы Шанхай қаласының ЖІӨ-і 4,72 трлн юаньға жетті. Цзянсу өлкесінің ЖІӨ-і 12,82 трлн юань болып, Чжэцзян өлкесінің ЖІӨ-і 8,26 трлн юаньды құрады. Аньхой өлкесінің ЖІӨ-і 4,71 трлн юаньға жетеді, ал жалпы аймақтық экономика 30 трлн юаньнан асты.

Жалпы экономикалық көлем серпіліске қол жеткізіп қана қоймай, Янцзы өзенінің атырауы аймағында инновациялар мен дамуды жеделдету және экономика құрылымын оңтайландыру бойынша қол жеткізілген прогресс те назар аударарлық: 2023 жылы Шанхайда құны 1 миллиард юаньнан асатын 58 ірі өнеркәсіптік жобаның құрылысы басталады. Сондай-ақ C919 отандық ауқымды әуе лайнері, алғашқы отандық ауқымды круиздік кеме коммерциялық түрдегі пайдалануға берілді; Цзянсу өңдеу өнеркәсібінің сапалы даму индексі 91,9-ға жетіп, елде бірінші орынға шықты; Чжэцзянның цифрлық экономикасының негізгі саласы болып табылатын өңдеу өнеркәсібінің қосымша құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% - ға өсті; Аньхой өлкесі 868 000 жаңа энергетикалық көлік шығарды, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 60,5% - ға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото