Алматы Орталық Азиядағы «ең қымбат қала» болып анықталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қаңтар

2024 жылдың алғашқы айындағы деректер бойынша Numbeo рейтингісінде Алматы Орталық Азиядағы «ең қымбат қала» мәртебесін иеленді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Numbeo рейтингісі 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Рейтингтер жалға берілетін тұрғын үй бағасы, азық-түлік, қоғамдық тамақтандыру бағасы және басқа да факторларды ескере отырып, пайдаланушылардың пікірлері негізінде қалыптасады.

2024 жылдың қаңтар айы бойынша Алматы Орталық Азия қалаларының арасында көш бастап тұр. Рейтингте Астана екінші, ал Ташкент пен Бішкек үшінші және төртінші орындарға жайғасқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото