Қазақстандық ірі технологиялық компания – Kaspi.kz АҚШ-тағы NASDAQ биржасында IPO өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қаңтар

Қазақстандық ірі технологиялық компания – Kaspi.kz АҚШ-тағы NASDAQ биржасында табысты IPO өткізді, деп хабарлайды Kaspi.kz әлеуметтік желілерде өз қуанышымен бөлісіп. NASDAQ биржасында Apple, Amazon және Google сияқты әйгілі инновациялық компаниялар бар. Kaspi.kz-тің IPO-сы - өткен жылдың қазан айынан бастап АҚШ-тағы ең ірі, 2024 жылы алғашқылардың бірі.

Kaspi.kz-тің негізін қалаушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе: «Kaspi.kz-тің дамуының жаңа кезеңі басталды. Енді еліміздің алдында жауапкершілігіміз зор. Біз өміріңізді жақсартатын инновациялық сервистерді жасай беретінімізге, Қазақстанның дамуына үлесімізді қосуға уәде береміз!» - деді.

Kaspi.kz негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким: «Kaspi.kz-тің IPO-сы – халықаралық инвесторлар үшін Қазақстанға, қазақстандық компанияларға инвестиция салудың бір белгісі!» - деді.

«Үздік Kaspi.kz қосымшасы электрондық коммерция, саяхат, азық-түлік, төлемдер, QR-код бойынша төлем, мемлекеттік қызметтер сервистерін ұсынып, Қазақстандағы адамдардың күнделікті өмірінің бөлігіне айналды. NASDAQ Kaspi.kz-тің серіктесі болғанын мақтан тұтады, АҚШ-та толыққанды IPO жасаған Қазақстаннан келген тұңғыш компанияны қошеметпен қарсы алады» - деді Кэрен Сноу, Head of Global Listings.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото