Ланьчжоу-Алматы Орталық Азия пойызы алғаш рет жолға шықты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қаңтар

31 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қаңтар күні 55 контейнер жүк тиелген 75144/3 Орталық Азия халықаралық пойызы Ланьчжоудан жолға шығып, Қазақстанның Алматы қаласына бет алды.

Мәліметтерге сәйкес, пойызға тоңазытқыштар, үлкен мұздатқыштар, шиналар, полиэфир бөліктері және басқа да экспорттық тауарларды қоса алғанда, құны 42,1724 миллион доллар құрайтын шамамен 1440 тонна жүк тиелген. Пойыз Ланьчжоудан шығып, Үрімжіні басып өтіп, Қорғас шекарасы арқылы ел аумағынан шығып, 3000 шақырымнан астам жол жүріп, соңында Қазақстанның Алматы қаласына барады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото