Айдаһар мәдениетінің «сиқырлы күші» ешқашан әлсіреген емес

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 ақпан

1 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жыл - Қытай үшін Айдаһар жылы. Ежелгі заманнан бүгінге дейін Қытайда жұмбақ және күрделі айдаһар мәдениетінің «сиқырлы күші» ешқашан әлсіреген емес. Айдаһар - ежелгі мифологиядағы артефакт, жақсылықтың нышаны деп саналды. Тотемдік ғибадаттың жемісі ретінде айдаһардың терең мәдени құндылығы адамдарға оған ізгі үміттерін артуға жетеледі.

Дәстүрлі Қытай мәдениетіндегі ең көне және ұзаққа созылған мәдени рәміздердің бірі ретінде айдаһар мәдениеті үздіксіз өркендеп келеді. Маңызды рухани нышаннан бастап халықтың әдет-ғұрпына енуге дейін ол жұртшылықтың жүрегінде орны ерек кейіпке айналды.

Археологиялық қазбаларға сәйкес, Қытай айдаһарының шығу тегі кем дегенде 10 000 жыл бұрын пайда болған. 1994 жылы Ляониннің Фусинь қаласындағы Чахай қирандылырында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жеті-сегіз мың жылдық тарихы бар Синлунва мәдениетінің таспен қапталған айдаһар мүсіні табылды. Бұл осы уақытқа дейін табылған үйінді тәрізді айдаһардың ең ерте және ең үлкен пішіні.

Сонымен қатар айдаһардың дәстүрлі бейнесіне келетін болсақ, Хэнаньның Пуян қаласындағы Сишуйпо орнында табылған мидия қабығынан қаланған айдаһар тұлғасы да бар.

1993 жылы Хубэй өлкесінің Хуанмэй ауданы, Байху ауылы, Чжанчэн елді мекеніндегі Цзяодунь орнында 6000 жылдан астам уақыт бұрын қиыршық тастардан пішінделген айдаһар табылды.

Бұл үш айдаһар табиғатта бар тіршілік иелері емес, ежелгі адамдардың қолынан жасалған мәдени «айдаһарлар». Ғалымдар, әдетте, айдаһар палеолит дәуірінің соңында пайда болған деп есептейді. Ұзақ жылдарды бастан кешу барысында айдаһар мәдениеті пайда болу, қалыптасу, даму және өзгеру процестерінен өтті.

Қытай мифологиясы мен аңыздарындағы көптеген мәдени рәміздер ортақ психологиялық негіз қалыптастырады, сондықтан кейінгі ұрпақ өздерін «айдаһардың ұрпақтары» деп атады.

Мысалы, « Шаньхай цзин (жаратылыс туралы аңыз кітап)» және «Бамбук шежірелерінде» сипатталғандай, айдаһар – Фуси (аңыздағы адамзаттың тегі) тайпасының тотемі, ал айдаһарға табыну бір кездері тотемдік ғибадат кезеңінде болған.

Қазіргі археологияда табылған «Жауласқан бектіктер» дәуіріндегі кейбір жібек картиналарда адамдар айдаһармен аспанға ұшатын немесе айдаһардың жол бастауымен аспанға көтерілетін көріністер бейнеленген. Бұдан ол кезде адамдар айдаһарлардың пішіні туралы тұрақты түсінікке ие болғанын байқауға болады. Айдаһарлар аспанға көтеріліп, теңізге еніп қана қоймай, оларда сиқырлы қасиет бар деп есептелген, нәтижесінде тотемдік табынуға бет бұрып, танымдық дәстүр қалыптастырды.

Императорларға табынуды бейнелеуі – айдаһар мәдениетінің тағы бір ерекшелігі. «Айдаһар текті Император» атану – барлық кезеңдегі императорлардың билікті құдыреттің сыйына айналдыру және билікті нығайту үшін қажетті салауат саналған.

Құдыретті мақұлұқтан императордың символына өзгеру айдаһар мәдениетін анағұрлым көрнекті мәртебеге ие етті, айдаһардың бейнесі біртіндеп біртұтас болды. Осылайша Айдаһар мәдениеті кеңінен таралды және айтарлықтай дамыды.

Бұл процесте айдаһардың халықтық мәдениеті де байыды, әртүрлі әдет-ғұрыптар мен нанымдар дамыды, мысалы, жаңбыр тілеу немесе жаңбырды тоқтату үшін айдаһар тасаттығын беру, айдаһар биі, айдаһар қайықтарының жарысы және т.б. сияқты халықтық ғұрып негізіндегі айдаһар мәдениеті.

Ежелгі заманнан бері айдаһарлардың атымен аталған сансыз заттар болған. Қытайда «айдаһар» сөзін көптеген әдемі лексикалардан кездестіруге болады.

Қазір классикалық мәдени символ ретінде ол заман рухымен бірікті және заманауи өмірмен көбірек байланысты. Неғұрлым жас ұрпақтың көзқарасына бейімделе отырып, айдаһар мәдениеті алуан түрлі және жарқын бола түсуде. Биыл Айдаһар жылында ірі мұражайлар шығарған мәдени шығармашылық өнімдердің сатылымы сұранысты қанағаттандыра алмай жатыр.

Айдаһарға табыну осы уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Айдаһарға қатысты барлық құбылыс пен атау үміткерлікке, үйлесімділік пен көркемдікке, белсенділікке ұмтылудың рухани мотивациясын білдіреді. Айдаһар мәдениетін Қытайдың тамаша дәстүрлі мәдениетінің өкілі деп айтуға болады. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін, Қытайдан әлемге дейін ол адамның табиғатқа деген құрметін, көптеген мәдениеттің интеграциясы мен қатар өмір сүруін, сондай-ақ қажырлы еңбектен қорытқан білім мен тәжірибені өн бойына сіңіріп отырды. Айдаһардың ерекше бейнесі ұзақ уақыт бойы адамдардың жүрегінде терең тамыр жайған қуатты рухани күшке айналды. Біз осы айдаһар мәдениетінің бүгінге талмай жетуінен, Қытайдың тамаша дәстүрлі мәдениетінің мәңгі өмір сүретінін көре аламыз.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото