2023 жылы Қашағанда өндірілген мұнай көлемі рекордтық мөлшерге жетіп, 18,8 млн тоннаны құрады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 ақпан

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Шелл» концернінің «Мұнай мен газды барлау және өндіру» бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, деп хабарлайды kt.kz.

Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қазіргі жай-күйін талқылады. Атап айтқанда, 2023 жылы Қазақстанның Қашаған кен орнында өндіру деңгейі 18,8 млн тоннаға жуық рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстанда өсіп келе жатқан ішкі сұранысты өтеу үшін тауарлық газ өндірісін арттыруды назарға ала отырып, кен орнын одан әрі игерудің стратегиялық қажеттілігі айтылды. Осыған орай Қашағанда қуаты жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасына басымдық беріліп отыр. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото