Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері Қонаев қаласында жаңа зауыт салады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 ақпан

Қонаев қаласында тамшылатып суару жүйелерінің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт ашылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қонаев қаласындағы тамшылатып суару жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты аралап көрді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тамшылатып суару әдісі – тіршілік нәрін тікелей өсімдік тамырына жеткізу арқылы суды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді. Зауыт – қазақстандық және Қытай кәсіпкерлерінің бірлескен жобасы. Кәсіпорын қуаты аптасына 500 гектарға дейін жерді тамшылатып суару технологиясымен қамтамасыз етуге жетеді деп жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта Тараз қаласында да осындай зауыт ашу жоспарда бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото