Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне экспорты 2023 жылы елде бірінші орында болады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 ақпан

5 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеденінің статистикасына сәйкес, Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне импорты мен экспорты 2023 жылы 283,67 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға өсті. Бұл Шыңжаңның жалпы сыртқы саудасының 79,4%-ын құрайды. Олардың ішінде 246,57 миллиард юань экспортталды, бұл экспорт ауқымы бойынша елде бірінші орында болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2%-ға өсті.

Шыңжаң Еуразияның маңызды бөлігінде орналасқан, «бес шекара арқылы 8 елге қатынап, Еуразияны байланыстырып жатқан» бірегей географиялық артықшылығына ие. Былтыр Қытайдың Шыңжаңының өзінің үш ірі сауда серіктесі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасындағы импорт пен экспорт саудасының көлемі, сәйкесінше 70,8%, 25,8%, 93,4%-ға өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото