Бейжіңнің екі әуежайы Қытайға келетін шетелдіктерге төлемді ыңғайлы ету үшін жаңа шаралар қабылдады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 ақпан

6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің астаналық халықаралық әуежайы мен Дасин халықаралық әуежайының шетелдік қонақтарға төлем қызметтерін көрсету аймақтары 5 ақпанда ресми түрде ашылды. Олар әуежайдың әр жеріндегі төлем қызметтерімен байланысып, Қытайға келетін шетелдіктерге банктік карталарымен төлеу, сканерлеу кодымен төлеу, шетел валютасын айырбастау, қолма-қол ақшаны пайдалану және цифрлық юань төлемдері сынды көптеген өтеу тәсілдері арқылы зат сатып алу, тамақтану, тасымалдау және басқа да орталарда әртараптандырылған төлем мүмкіндіктерін ұсынады.

Мәліметтерге сәйкес, осы жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша екі ірі әуежайда барлығы 5 банк бөлімшесі, 7 ақша айырбастау органдары бөлімшесі, 24 банкомат және 2 өзіне-өзі қызмет көрсететін айырбастау машиналары дайын болды. Олар негізінен шетелдік банк карталарына байланысты қызметтерді толық қамтиды. Сонымен қатар әуежай дүкендерінде 20 000-нан астам майда ақша қапшықтары орналастырылып, Қытайға келетін шетелдіктердің қолма-қол ақшамен өтем жасауына қолайлылық туғызды.

Қазіргі уақытта Қытайға келетін кейбір шетелдіктер төлем жасауда қолайсыздыққа тап болып отыр. Мұның себебі Қытай мен шетелдің төлем әдістері ұқсамағандығында. Қытайға келген көптеген шетелдік қонақтар әлі күнге дейін төлем жасау үшін банк карталары мен қолма-қол ақшаны пайдалануға дағдыланған.

Қытай Халық Банкіне жауапты тиісті тұлға қытайлық және шетелдік төлем әдеттеріндегі айырмашылықтарды азайту және сыртқы әлемге ашықтықтың жоғары деңгейіне жақсырақ кепілдік беру үшін Қытай Халық Банкі Мемлекеттік Валюта басқармасымен бірлесе отырып, Қытайға келетін шетелдіктер үшін төлем қызметтері шешімдерінің топтамасын іске қосу үшін арнайы жұмыс тобын құрғанын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото