Көрікті Қытай құрылысының «Сямэнь парағын» кестелеу тәжірибесі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Төбеде көгілдір аспан, айнала толы жасыл бақ... Сямэнь-экологиялық құрылыс пен экономикалық дамудың органикалық бірлігі және адам мен табиғат арасындағы үйлесімді симбиоздың жарқын бейнесіне айналды.

Фуцзянь өлкесінің Сямэнь қаласы Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет туралы ойының туындаған маңызды алаңы және алғашқы тәжірибелік орны. 1988 жылы наурызда ағынды сулардың ластануы және балықтар мен асшаяндардың жойылуын ескере отырып, сол кездегі Сямэнь қалалық партия комитетінің тұрақты комитет мүшесі және әкімнің атқарушы орынбасары Си Цзиньпин жолдас: «Көлді заңға сәйкес басқару, ағынды сулардың ластануын тоқтату, арналарды тазарту және жағаны бекемдеу, су объектілерін жандандыру, қоршаған ортаны көркейту» шарасын ұсынып, Юньдан көлін кешенді басқарудың кіріспесін ашады.

Ауқымды қалпына келтірудің кезекті бес кезеңінен кейін бұрынғы «сасық көл» қаланың жасыл өкпесіне айналды. Юньдан көлін жан-жақты басқарған 30 жылдан астам уақыт бойы Сямэнь қаласы «теңіз аймақтарын, су айдындарын және бүкіл аймақтарды» экологиялық қорғау мен қалпына келтіруге белсенді түрде атқарып, жоғары сапалы дамуға, жоғары деңгейде қорғауға бірлесіп ықпал ету әдісін зерттеді, сондай-ақ адам мен теңіз арасындағы үйлесімділікті ілгерілететін экологиялық өркениеттің практикалық жолын тапты.

Көлден қалаға дейін, даму тұжырымдамалары мен даму әдістеріндегі өзгерістерді жинақтап, экологиялық өркениет құрылысының жарқын тәжірибесінің куәсі болды және Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет туралы ойының шынайы қуаты мен практикалық күшін көрсетті.

Жақсы экологиялық орта - адамдардың жақсы өмір сүруі үшін ең игілікті іс саналады. «Ең әдемі жағажайларды халыққа ұсыну» тұжырымдамасын ұстанудан және жағажайларды қалпына келтіруді зерттеуден бастап, теңіз және сулы-батпақты саябақтарды, әсем жағалаулар және көл айналасындағы демалыс жолдарын салу, қалалық экологиялық демалыс орындарын кеңейтуге дейін... одан ары «қала тұрғындарының бақшаны қадағалауы» және «қала тұрғындарының көлді қадағалауы» сияқты басқару моделін құру арқылы бірлесіп салу, бірлесіп басқару, бірге бөлісу, халыққа пайдалы экология, халық үшін экологияны зерттеуге дейін... Си Цзиньпиннің экологиялық өркениет ойының Сямэнь тәжірибесі бізге экологиялық ортаны қорғау мен жақсартуда әрқашан халықты орталық етуді ұғындырды. Халық ең тікелей сезінетін және ең шұғыл түрде талап ететін шешілмеген экологиялық мәселелерге назар аудару, өзгерістерді көру, игіліктерді сезіну, «барлығы экологиялық ортаның қорғаушысы, құрылысшысы және пайда көрушісі болу» тұжырымдамасын барған сайын жұртшылықтың көкейіне ұялады.

Көрікті Қытайды құру - заманауи социалистік елді жан-жақты құрудың маңызды мақсаты және Қытайдың ұлы жандануы туралы Қытай арманын жүзеге асырудың маңызды мазмұны.

30 жылдан астам уақыт бойы Сямэнь тау-орман, өзен-көл, шөп және құмнан тұратын тіршілік қауымдастығын құруға ұмтылды. Заңға сәйкес басқаруды, ғылыми басқаруды, түп негізінен басқаруды, жүйелі басқаруды және бірлескен басқаруды ұстанады. Экологиялық басқаруды модернизациялау деңгейін үнемі жетілдіріп отырды. Жоғары деңгейдегі қорғау мен жоғары сапалы даму арасындағы салауатты өзара әрекеттесуге қол жеткізді. Осылайша «қоршаған орта арқылы даму оңтайландыру және даму арқылы қоршаған ортаны жақсарту» сияқты жоғары сапалы дамудың жаңа жолын тапты.

Төраға Си Цзиньпин: «Табиғатты құрметтеу, табиғатқа сәйкесу, табиғатты қорғау, адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қатар өмір сүруге ықпал ету - Қытай стиліндегі модернизацияның айрықша белгілері болып табылады»,- деп атап көрсетті. Қазіргі уақытта еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы көгалдандыруды және төмен карбонизацияны жеделдететін жоғары сапалы даму кезеңіне өтті, көрікті Қытай құрылысының маңызды кезеңінде тұр. Біз көрікті Қытай құрылысын «қуатты ел құрылысы» мен «ұлттың жандануындағы» көрнекті орынға қойып, адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне ықпал етуіміз керек.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото