Қорғас портынан өткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының саны биыл 1000-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 18 ақпанда Қорғас теміржол портынан тұрмыстық қажетті заттарды, машина бөлшектерін, тоқыма маталар және басқа да тауарларды тиеген Қытай-Еуропа пойызы Қорғас порты арқылы елден шықты. Бұл Қорастан өтетін Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойызының саны биыл 1000-ға жеткенін білдіреді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 күн бұрын орындалды.

«Қорғас» кеден басқармасы басшысының орынбасары Чэнь Пэндэ: «Қазіргі уақытта күн сайын өтетін пойыздардың саны 20-дан астам, ал кедендік рәсімдеу уақыты 60%-ға қысқарды», - деді.

Қорғас станциясының Қауіпсіздік өндіріс командалық орталығының өндірістік диспетчері Ма Сяоган: «Көктем мерекесі кезінде Қытай-Еуропа теміржол тасымалы жабылмады. Ақпан айында мереке демалысының көбірек екенін ескере отырып, біз өз қызметкерлеріміз бен жабдықтарымызды уақытында реттедік. 24 сағаттық тоқтаусыз жұмысты жүзеге асырып, басқарушы мекемелер пойыздарды жоғары деңгейде үйлестірді. Қытай-Еуропа пойызының толық кесте бойынша тасымалдауын ұйымдастыратын жаңа үлгіні жетілдіріп, Қытай-Еуропа пойызының қарқынды жұмыс істеуіне қол жеткізді», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото