Шыңжаңның үш өлшемді көлік желісі батысқа қарай түрлі арналармен ашылуда

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 ақпан

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық регионы Көлік департаментінен алған ақпаратына сәйкес, 2023 жылы Шыңжаң шетелге халықаралық жолдардың ашылу деңгейін жақсартуды одан әрі жалғастырды. Атап айтқанда G331 желісінің Уластайдан Тайкшкен портына дейінгі және G575 желісінің Теміртам портынан Барколге дейінгі тасжол жобасын аяқтап, шекара бойындағы жолдар мен порттардан өту жағдайларын жақсартты. 2023 жылы жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі 2019 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 2,28 есе және 1,69 есе артты.

Қытай-Еуропа пойыздары сапа мен тиімділікті жоғарылатты. Өткен жылдан бастап Шыңжаң бірнеше департаменттермен ынтымақтасып, Қытай-Еуропа пойызын (Үрімжі) құрастыру Орталығының «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» тасжол-теміржолының бірлескен жасыл арнасын құрды.

Тұрақты жұмыс істейтін көлік құралдары арқылы Орталық Азияға шоғырлы тасымалдау жасалып, Шыңжаңнан шығатын бірнеше көліктер желісінің сапалы жұмысын қамтамасыз етті. Қытай теміржолы Үрімжі бөлімшесі жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы Алашанькоу мен Қорғастың екі порты 14 397 Қытай-Еуропа пойызын жөнелткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға артқан. Ал Орталық Азияға қатынайтын 1 517 Қытай-Еуропа пойызы жөнелтіліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға өскен.

Азия мен Еуропаның орасан зор нарығын байланыстыру үшін азаматтық авиацияның дамуы өте маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта Шыңжаң 13 елдің 16 қаласын және Сянган арнайы әкімшілік регионын қамтитын 22 жаңа халықаралық және аймақтық жолаушылар бағытын қалпына келтірді және жаңадан ашты. Қытайдың Шыңжаң Азаматтық Авиация Басқармасы директорының орынбасары Чжан Тиняо болашақта Шыңжаң Азаматтық авиациясы қолданыстағы халықаралық маршруттық рейстерді орындау арқылы жаңа халықаралық маршруттық рейстерді қайта бастауды, цифрлауды және жаңа бағыттар ашуды жалғастыратынын айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото