Қытай пандаларды қорғау үшін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 ақпан

Қытайдың жабайы табиғатты қорғау қауымдастығы Испаниядағы Мадрид хайуанаттар бағы мен аквариумы және АҚШ-тағы Сан-Диего хайуанаттар бағы жабайы табиғат альянсымен пандаларды қорғау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Хабарланғандай, қауымдастық қазіргі уақытта АҚШ-тағы басқа хайуанаттар бағымен және австриялық хайуанаттар бағымен ұқсас ынтымақтастық туралы кеңесіп жатыр.

Испания, АҚШ және Аустрия – алып пандаларды қорғау үшін Қытаймен халықаралық ынтымақтастық орнатқан алғашқы елдердің бірі. Қытай мен осы үш елдің зерттеу қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында барлығы 28 алып панда баласы дүниеге келді.

«Шетелдегі алып пандалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – халықаралық ынтымақтастықтың маңызды алғышарты», - деді қауымдастық өкілі.

Оның айтуынша, Қауымдастық басқа елдердегі алып пандалардың денсаулығын күнделікті бақылауды және медициналық тексеруді күшейтуді қамтамасыз етеді. 2024 жылы осы жануарлардың тұрғылықты жерінде диагностикасы мен денсаулығын бағалауды толық қамтуға жауапты.

Алып пандалар Қытай мен басқа елдер арасындағы достықты нығайтуда «елші» рөлін атқарады. 1990 жылдардан бері Қытай 20 елден келген 26 мекемемен алып пандаларды қорғау және зерттеу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырды, нәтижесінде 68 панда дүниеге келді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото