«Менің Қытай туралы хикаям» атты шығарма қабылдау хабарламасы

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 ақпан

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттер аралық қарым-қатынас халық арасындағы қарым-қатынастан басталады. Елдер арасындағы қарым-қатынастың негізі-халықта, қайнар көзі-халықтар достығында. Бүгіннен бастап, People ' S Daily Және Қытайдың Шетелдермен Достық Жөніндегі Халықтық Қауымдастығы бірлесіп, «Менің Қытай туралы хикаям» атты шығарма қабылдау конкурсын ұйымдастырады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі достарды Қытай және Қытай халқы туралы тамаша естеліктерімен бөлісуге шақырады.

Шығарма Қытайда өткен күндерін немесе қытайлық достармен қарым-қатынас тарихын сипаттауы керек. Шығарма шындыққа құрылған, оқиғасы жанды, тілі жатық болуы шарт. Дайындалған жұмыс автордың өз туындысы, ешқандай басылымда және әлеуметтік желіде жарияланбаған түпнұсқа болуы тиіс. Қытай тілінде немесе басқа тілде болуына шектеу жоқ. Өзге тілде болған жағдайда Қытай немесе ағылшын тіліндегі аудармалармен бірге берілуі керек. Шығарманың қытай тіліндегі немесе қытай тіліне аударылғаннан кейінгі көлемі 3000 қытай әрібінен аспауы керек; ағылшын тілінің көлемі 2500 сөзден аспауы керек; басқа тілдердің көлемі аударылғаннан кейінгі қытай иероглифінің саны бойынша есептеледі. Шығармаға фотосурет, бейне-жазба және басқа материалдарды қосып жіберуіңізге болады.

Шығарманы мына электрондық пошта арқылы жолдаңыз: meandchina@peopledaily.cn, электрондық поштаның тақырыбына «Менің Қытай туралы хикаям» деген жазбаны және байланыс нөміріңізді қоса көрсетіңіз. Шығарма жолдаудың соңғы мерзімі-2024 жылдың 25 мамыры. Келіп түскен қолжазбалар құрастырылып, басылады. Қытай тіліндегі нұсқасы People ' S Daily газетінің «Менің Қытай туралы хикаям» бағанында, ал ағылшын тіліндегі нұсқасы People 'S Daily ағылшын тілі арнасында және People' s Daily ағылшын клиентінде жарияланады. Газетте жарияланған барлық шығармалар үшін қаламақы төленеді. Конкурс аяқталғаннан кейін үздік шығармалар сертификат және сыйлықтармен марапатталады.

Осы конкурс хабарламасының ағылшын тіліндегі нұсқасын алу үшін мына сілтемені басыңыз: (http://en.people.cn/n3/2024/0226/c90000-20137453.html)

People' s Daily

Қытай Халық Республикасының Шетелдермен Достық Қауымдастығы

2024 жылғы 27 ақпан

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото