- Барлық ақпарат
Тяньцзинь интеллектуалды көліктерге арналған алғашқы демонстрациялық қолдану желісін ашты
28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньцзинь қаласының Баоди аумағында интеллектуалды көліктерге арналған алғашқы демонстрациялық қолдану желісі ашылды.
Демонстрациялық желінің жалпы ұзындығы 11,3 шақырым, Бейжің-Таншань қалааралық теміржолының Баоди станциясы мен Бейжің-Тяньцзинь Чжунгуанцун ғылыми-техникалық қаласын тұтастырады. Жол бойында 5 станция бар, жолда жылдамдығы сағатына 70 шақырымға дейін жүруге болады.
Демонстрациялық желі бірыңғай стандартты бұлтты басқару платформасын құрып, бірге сезіну, бірге шешім қабыдау, бірге жоспарлау және нақты уақыт режимінде қадағалауды жүзеге асыру арқылы бұл жобаны анағұрлым көп өңірде әрі қарай кеңейте түсуге қолдау көрсетеді.
Тұтас желінің 19 қиылысы ақпараттық бақылауды адаптивті оңтайландыруды және автобустарға алдымен жол беруді жүзеге асырды. Бұрынғы «көліктің бағдаршам күтуінен» «бағдаршамның көлікке қарауына» жаңартылды. Жүру уақыты бұрынғыдан айтарлықтай қысқарады.
people.cn © People's Daily Online