Қытай жаңа сапалы өнімділіктің дамуын жеделдетіп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 наурыз

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Өткен жылдың қыркүйек айындағы «Жаңа сапалы өнімділіктің» бірінші ұсынысынан бастап, өткен жылдың желтоқсан айында Орталықтың экономикалық жұмыс жиналысына «жаңа сапалы өнімділікті дамытуды» енгізуге дейін, одан әрі осы жылдың қаңтарындағы Орталық саяси бюроның Он бірінші ұжымдық зерттеуінде жүйелі түрде түсіндірілгенге дейін... ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин парасаттылықпен ұсынған «жаңа сапалы өнімділік» теориясы ғылыми-техникалық инновациялар мен өнеркәсіптік инновациялар арасындағы байланысты терең түсіндірді.

Жаңа сапа өнімділігі деген не? Тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда, жаңа сапа өнімділігі «жоғары технологиялы, жоғары өнімді, жоғары сапалы сипаттамаларға» ие, «ерекшелігі - инновация, кілті - жоғары сапа, ал мәні - озық өнімділік».

Практикалық тұрғыдан алғанда, осы жылдар ішінде Қытайдың көптеген аймағында жаңа сапалы өнімділіктің дамуы іс жүзінде жеделдеді.

Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымы жариялаған «2023 жаһандық инновациялар индексі» бойынша Қытай 12-орында, оның ішінде 6 көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орында.

Біздің еліміздегі жаңа сапалы өнімділіктің жедел дамуы Қытай экономикасының инновация қозғалтқышын одан әрі іске қосуға деген бекімін көрсетеді, сонымен қатар Қытайдың қазіргі дәуірдің мүмкіндіктері мен сын-қатерлеріне жан-жақты көзқарасын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото