Си Цзиньпин еліміздегі жаңа энергетиканың сапалы дамуын белсенді түрде ілгерілетуді атап өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 наурыз

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы 29 ақпанда еліміздің жаңа энергетикалық технологиялары мен энергетикалық қауіпсіздігі бойынша он екінші ұжымдық үйренуін өткізді.

Ұжымдыұ үйренуге Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас Хатшысы Си Цзиньпин төрағалық етіп, энергетикалық қауіпсіздік жалпы экономикалық және әлеуметтік дамумен байланысты екенін атап өтті. «Таза энергетиканы белсенді дамыту және экономика мен қоғамның жасыл, төмен көміртекті трансформациясын ілгерілету - халықаралық қауымдастықтың жаһандық климаттың өзгеруімен күресудегі ортақ пікіріне айналды. Біз жағдайға сәйкесе отырып, еліміздегі жаңа энергия көздерінің сапалы дамуын белсенді түрде ілгерілететін боламыз, Қытай үлгісіндегі модернизация үшін қауіпсіз және сенімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз, сондай-ақ таза және көркем әлемді бірге құруға үлкен үлес қосамыз».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото