Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 наурыз

ҚР «Қазгидромет» РМК-сы Астана мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZINFORM

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 4-ші наурыз күні Астана мен Павлодар облысында жаяу бұрқасын болып, секундына 15 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады.

Түркістан облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото