Қытай жаңа сапалы өндіргіш күштердің дамуын жеделдетеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 наурыз

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы үкіметтің жұмыс туралы есебінде заманауи өнеркәсіптік жүйенің құрылысын белсенді түрде ілгерілету және жаңа сапалы өндіргіш күштердің дамуын жеделдету ұсынылды.

Есепте өнеркәсіптік тізбек пен қамдау тізбегін оңтайландыруға және жаңартуға ықпал ету үшін осы саладағы бірқатар даму бағыты келтірілген. Онда сутегі энергетикасы, жаңа материалдар, биоөндіріс, коммерциялық аэроғарыш, кванттық технологиялар және өмір туралы ғылымдар сияқты дамып келе жатқан салалар мен болашақ салаларды белсенді түрде дамыту айтылған.

Сонымен қатар ел цифрлық экономиканың инновациялары мен дамуына белсенді түрде жәрдемдесіп, «жасанды интеллект+» іс-қимыл жоспарын жүзеге асырады.

Баяндамада Қытай жаңа энергетикалық және басқа да өндіріс салаларында интеллектуалды қосылған көліктердің бәсекелестік артықшылықтарын шоғырландыруға және кеңейтуге дайындалатынын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото