BYD-дың Бразилиядағы өндірістік базасы ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 наурыз

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 5 наурызда BYD компаниясының мәліметіне сәйкес, компанияның Бразилияның Бахия штаты Сальвадор қаласы Камасаридағы Бразилиялық өндірістік база кешені ресми түрде іске қосылды.

Бахия штатының үкіметі мен BYD мәлімдемелеріне сәйкес, база кешены осы жылдың аяғынан 2025 жылдың басына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал бірінші кезеңнің жылдық өндірістік қуаты 150 000 автокөлікті құрайды деп жоспарлануда. Өндірістің бастапқы үлгілеріне BYD Dolphin, Song Plus, Yuan Plus және Dolphin Mini модельдері кіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото