Бейжіңде Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясы жабылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 12 наурыз

12 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңде Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясы жабылды

Жиналысқа Си Цзиньпин, Ли Цян, Ван Хунин, Цай Ци, Дин Сюэсян, Ли Си және Хан Чжэн қатысты.

Жабылу отырысына Құрылтай төралқасының тұрақты төрағасы және атқарушы төрағасы Чжао Лэцзи төрағалық етті. Оған Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының 2 900 өкілі қатысты.

Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясы Мемлекеттік Кеңестің жаңадан қаралған органикалық заңын қабылдады. Төраға Си Цзиньпин президенттің осы заңды жариялау туралы жарлығына қол қойды.

Сессия Мемлекеттік Халық Құрылтайы Тұрақты комитетінің, Ең Жоғарғы Халық Сотының, Ең Жоғарғы Халық Прокуратурасының үкіметтің жұмыс есебін және жұмысы туралы есебін бекітті.

Сессия тағы да 2023 жылғы ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының іске асыру жағдайы есебін бекітті. Сонымен бірге 2024 жылға арналған жоспар жобасының есебін және 2024 жылға арналған жоспар есебін бекітті.

Сонымен бірге жиналыс 2023 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті және 2024 жылға арналған орталық және жергілікті бюджеттердің жобалары есебін, сондай-ақ 2024 жылға арналған орталық бюджетті бекітті.

Чжао Лэцзи жиналыста сөз сөйлеп, Мемлекеттік XIV Халық Құрылтайының екінші сессиясы өзінің күн тәртібін сәтті аяқтағанын айтты. Ол жиналыс нәтижелері Партияның талаптары мен халықтың ерік-жігерінің бірлігін толық көрсеткенін және бүкіл процесте халықтық демократия мен елдің іргелі саяси жүйесінің керемет артықшылықтарын көрсеткенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото