- Барлық ақпарат
Птеродактил-2H ұшқышсыз ұшақ Гуйчжоуда жаңбыр күшейту операциясын жүргізді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 наурыз
13 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Авиация өнеркәсібі тобынан алған ақпаратына сәйкес, еліміз дербес әзірлеген Птеродактил-2H метеорологиялық ұшқышсыз ұшақ алғаш рет Гуйчжоу өлкесінің батыс бөлігінде жаңбырды күшейтетін жасанды операцияларды сәтті орындады.
Птеродактил-2H метеорологиялық ұшқышсыз ұшақ шамамен 5 сағат бойы ұшып, Гуйчжоу өлкесінің Бицзе, Люпаньшуй, Аншунь және басқа аудандарында жаңбыр күшейту операциясын жүргізді. Бұл сондай-ақ Гуйчжоуда жаңбырды күшейтетін жасанды операцияның алғаш рет жүзеге асуы болып табылады. Қазіргі уақыт - көктемгі жер жыртуға дайындық үшін маңызды кезең, әртүрлі жерлерде құрғақшылыққа төтеп беруге және су қоймаларындағы суды молайтуға сұраныс көп.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online