Алматы облысында майлық шығаратын цех пен қойма өртенді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 наурыз

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында 1 мың шаршы метр аумақта цех пен қойма өртенді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Алматы облысында өндірістік аумақта өрттің шыққаны туралы видео желіде тарады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында майлық шығаратын цех пен қойманың өртенгенін хабарлады. Өрттің көрші тұрғын үйге таралу қаупі болды.

«Өрт сағат 11:01-де оқшауланып, сағат 13:25-те жойылды. Өртті сөндіруге 60-қа жуық өртсөндіруші мен 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Өрттің ауданы 1000 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото