Шетелдік достар RMB бетіндегі көрініске барды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Халықаралық Жаңалықтар алмасу орталығының шетелдік баспасөз қызметінің 13 тілшісі Гуанси өлкесінің Гуилин қаласы Яншуо ауданындағы Лицзян өзеніне қайықпен экскурсия жасап, Лицзян өзені жағалауының көркем пейзажын тамашалады.

Ирелеңдеп аққан Лицзян өзені, өркештенген тау сілемі, қалықтаған ақша бұлттар, Қытайдың дәстүрлі кескіндемесіндегі пейзажды көз алдыңа елестетеді. Шетелдік тілшілер тамаша көрініске таңдай қағысты. Круиздік кеме Синьпин маңындағы 20 юаньның бетіндегі көрініс алаңына бара жатқанда, барлығы арнайы алып жүрген 20 юаньды қолдарына алып, осы сәтті телефон арқылы фотоға түсірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото