Юньнань «гүл жеу маусымына» кіріп, гүлдер тағамға айналды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Юньнань «Әлем бағы» деген тамаша атқа ие. Оның ерекше климаты Юньнаньдағы гүлдер мен өсімдіктердің 1500-ден астам түрін, соның ішінде жүздеген жеуге жарамды гүлдердің өсіп-өнуіне жағдай жасады. Көктем келгелі бері Юньнаньдағы жеуге жарамды гүлдердің барлық түрі бірте-бірте нарыққа шығып, әлемнің түкпір-түкпірінен келіп дәм татқандардың қатары молайды.

Гүл жеу - бұл тамақтану әдетінің бір түрі ғана емес, сонымен қатар ол мәдени мұра. Юньнань халқында мыңдаған жылдар бойы гүл жеу дәстүрі бар. Қарапайым дүкендерден бастап жоғары деңгейлі мейрамханаларға дейін жеуге болатын гүлдердің барлығын өздерінің тағамдарымен байланыстырады.

«Юньнань тұрғындары гүл жегенді ұнатса да, алайда барлық гүлдерді жей беруге болмайды. Көп гүлдер бір-біріне ұқсап кететіндіктен қате тұтынып алу жағдайы оңай кездеседі», - деп Чен Шэнхэ гүл жеген кезде абай болу керектігін еске салды. Гүлдерді кәсіби мамандардың басшылығымен кәсіби өңдеуден өткеннен кейін тұтынған абзал.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото