Қаңтардан ақпанға дейін Қытайдағы күн және жел энергетикасына инвестиция қарқынды дамыды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 наурыз

18 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросының өкілі Лю Айхуа бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қытайдың жаңа энергетикалық секторына инвестициялар қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Қаңтардан ақпанға дейін жоғары технологиялық салаларға инвестициялар өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға, ал өндіріс технологиясын қайта құруға инвестициялар 15,1%-ға өсті, бұл барлық инвестицияның өсу қарқынынан жылдамырақ болды.

Қаңтардан ақпанға дейін күн энергиясын өндіру және жел энергиясын өндіру сияқты жаңа энергетика саласының негізгі салаларына инвестициялар қарқынды өсуді сақтап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда тиісінше 46,4%-ға және 17,7%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото