Ма Синжуй мен Еркін Тұняз Қазақстанның Сауда және интеграция министрімен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 наурыз

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң ұйғұр автономиялық регионы Партия Комитетінің хатшысы Ма Синжуй мен Автономиялық регион төрағасы Еркін Тұняз 18 наурыз күні таңертең Үрімжіде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Абайұлы Шаққалиевпен кездесті. Олар екі мемлекет басшыларының маңызды консенсусын жүзеге асыру, Қытайдың Шыңжаңы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы терең пікір алмасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото