Бейжің Тіл және мәдениет университетінің шетелдегі үшінші филиалы Қазақстанда ашылмақшы болып, ресми келісімшарт жасалды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 наурыз

19 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің Тіл және мәдениет университеті мен Қазақстанның Астана халықаралық университеті ресми түрде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды және екі тарап бірлесіп, Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Қазақстандық филиалын салады. Бұл сонымен қатар Бангкок пен Токио колледждерінен кейінгі Бейжің Тіл және мәдениет университетінің шетелдегі үшінші филиалы ресми түрде келісімшартқа отырғанын білдіреді.

Бейжің Тіл және мәдениет университетінің директоры Дуань Пэн бұл университет құрылғаннан бергі 60 жылдан астам уақыт ішінде әлемнің 189 елінен келген қытай тілін жетік білетін және Қытай мәдениетін түсінетін 300 000-ға жуық шетелдік студенттер, оның ішінде 2368 қазақстандық студенттерді тәрбиелегенін айтты. Қазіргі уақытта университетте 50-ден астам қазақстандық студент білім алуда. 2023 жылдың желтоқсанында екі оқу орны университетаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Содан бері ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес берудің тиімді әрі реттелген процесі басталып, ынтымақтастық туралы бірқатар консенсусқа қол жеткізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото