Бейжіңде «Қан мен тер» талқыланды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі «KSAC»-тың (қазақстандық студенттердің Қытайдағы қауымдастығы) студенттерінен құралған «Оқырмандар клубымен» бірлесіп Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара аясында Қазақстандық жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық жолына талдау жүргізілді, әлемге танымал «Қан мен тер» трилогиясы жеке талқыланды, автордың өзектілігін әлі күнге дейін сақтап келген әдебиетке қосқан үлесі қарастырылды.

Сұхбат барысында студенттер «Қан мен тер» шығармасында баяндалған Қазақстанның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты ашатын ұлы жазушының шығармалары туралы пікір алмасты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото