Үрімжіде Қазақстанның сауда өкілдігі ашылады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялық регионы парткомының хатшысы Ма Синжуймен және ШҰАА басшысы Эркин Туниязбен кездесуде Үрімжі қаласында Қазақстан-Қытай сауда ынтымақтастығын нығайту және сауда өкілдігін ашу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Екі ел арасындағы сауда көлемін кеңейту барысында, атап айтқанда Шыңжаңмен сауданы ұлғайту үшін ҚР Мемлекет басшысы Үрімжіде сауда өкілдігін ашуды тапсырды. Министрлікке ведомстволық бағынысты QazTrade ұйымы осы өкілдіктің қызметімен айналысатын болады. Болашақта ол біздің өндірушілер мен өнімді сатып алуға мүдделі Шыңжаң компаниялары арасындағы жолсерікке айналады», - деді Қазақстанның сауда және интеграция министрі.

Қазақстанның Үрімжідегі сауда өкілдігінің ашылу рәсімін Арман Шаққалиев Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шілде айындағы отырысы аясында өткізуді ұсынды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото