Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қытайға ресми сапармен келеді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 наурыз

2024 жылғы 29-30 наурызда қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келеді, деп жазды Қазақстан СІМ.

Сапардың мақсаты – қытай тарапымен екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылау, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарау, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу.

Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың мамыр айында екі мемлекет басшылары 2024 жылды Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы деп жариялады. Осыған орай, сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚХР-дағы Қазақстандық туризм жылының ресми ашылу рәсіміне қатысады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото