2024 Чэнду қаласында Қазақстан-Қытай (Сычуань) экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша конференция өтті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 наурыз

25 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 21 наурызда Чэнду қаласында «2024 Қазақстан-Қытай (Сычуань) экономикалық және сауда ынтымақтастығы конференциясы» өтті.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстан Қытай-Еуропа пойызы халықаралық логистикалық ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыратынын және Сычуаньдағы әлеуетті импорттаушылар мен ауқымды серіктестерді көбірек іздейтінін айтты. Біз Сычуань тұтынушыларына салқындатылған ет және сүт өнімдер сияқты көптеген тауарды ұсынуды асыға күтеміз. Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін салықтан босату, түрлі салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік заттай субсидиялар арқылы тамаша бизнес-орта жасайды және Сычуань кәсіпорындарын Қазақстанға инвестиция салуға шақырады.

«Қазақстан- Қытай-Еуропа пойыздарының(Сычуань)орталық және оңтүстік бағыттары сөзсіз басып өтетін жер. Біз Сычуань мен Қазақстан арасындағы жүктерге қол жеткізу мен таратудың тиімділігін жеделдетеміз, жоғары технологиялық өнімдерді тасымалдау бағытында көбірек маршруттарды, брондауларды, контейнерлерді және басқа ресурстарды ілгерілетеміз, фотоэлектрлік, литий батареялары және жаңа дисплейлер сияқты жоғары құнды жүк көздерін дамытамыз. Сонымен бірге Сычуань мен Қазақстан арасындағы халықаралық пойыздармен тасымалданатын жүк көлемін ұлғайтамыз». Сычуань өлкесінің сауда департаментінің директоры Сюй Исинь Сычуань мен Қазақстанның жаңа энергетика, тау-кен өнеркәсібі және басқа салаларда ынтымақтастық үшін үлкен әлеуеті бар екенін және Сычуань-Қазақстан ынтымақтастығын тереңдетудің негізі, шарттары және одан да көп қажеттілігі бар екенін айтты.

Конференция алаңында Сычуань мен Қазақстан бір-біріне сауда-инвестициялық ынтымақтастық және мәдени туризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото